Мен шаршадым, құр елестен шаршадым – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Мен шаршадым, құр елестен шаршадым» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым,
Тұп-тұнық ой сыйға тартшы, таң сәрім!
Әлі қанша ауар саған аңсарым,
Құлдығың боп жүрем әлі қанша күн.
Қуанышым бола тұра, мұңым сен,
Қайсы басым безбендеуге жүгінсем?
Бақыт үшін бұралаң жол бағыт боп,
Кінәлама, сезім үшін сүрінсем.
Ақталды деп мені айыпқа бұйырма,
Кетіп қалсам көз көрмейтін қиырға,
Сартап болған сағынышты ерттеп ап,
Менің жүрген жолдарымды шиырла.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері