Шолпан өлеңі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шолпан өлеңі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1734
Өнердің шебер салған көп өрнегін,
Оқысам ақын Шолпан өлеңдерін,
Ерке өскен, мұңсыз өскен албырт жаным
Аяйды ол жыр етсе мұң мен шерін.
Шаршаған, өңі солған, қалжыраған,
Өксіген, өміріне зар жылаған,
Ащы үні өз анамның естілгендей,
Осыны баяндайды сол жыр маған.
Сол жырдан жасты көрем мөлдіреген
Гүл көрем «мен мезгілсіз солдым» деген.
Нұр көрем күннің қызы секілденген,
Арнама толам деген көлді көрем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолпан өлеңі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шолпан өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолпан өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолпан өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері