Шырмала берме, шырмала!

Бұл бетте «Шырмала берме, шырмала!» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1760
Талабы таудай, тағдыры түйткіл бір бала,
Тағдырға, тәйірі, шырмала берме, шырмала!
Болған соң тірлік кездеспей тұрмас мұң-нала,
Болаттай болса, мұң-нала сынақ, сын ғана.
Болаттай болсаң, сындарға төтеп берерсің,
Тіршілік – парыз.
Парызыңды өтеп көрерсің.
Талап пен Тағдыр арасы десек екі оттың,
Азамат болсаң, өшірмей, өшпей жеңерсің!
Талап пен Тағдыр бақ пенен сордай тайталас,
Есімі бөлек, есігі бірге, байқап аш.
Тайталас етпей, тату да ету еркіңде,
Егіздеріңе ет жүрегіңді айқара аш.
Егіздеріңе Заманның жүгін арқалат,
Нар жүгін ғана көтере алады нар талап.
Тағдырың сонда таланың сенің секілді,
Табысса солар, Махаббат та сол, Мархаббат!
Талабың – нарқың, өзіндік сана иірім.
Тағдырың – халқың, халқыңды сенің сүюің.
Өзіңді өзің өзгертерсің де жасарсың,
Халқыңды жасау білесің, бауырым, қиынын.
Тағдырды қолдан жасаймын деудің қиыны –
Мінеки, бауырым, талай жер, талап иіні.
Иінің талса, иіліп халқың демер-ау,
Бойыңнан биік секіре алмайсың, түйіні.
Талабы таудай, тағдыры түйткіл бір бала,
Тағдырға енді шырмала, берме, шырмала...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырмала берме, шырмала! өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шырмала берме, шырмала! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырмала берме, шырмала! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырмала берме, шырмала! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері