Күз келді

Бұл бетте «Күз келді» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4344
Күз келді тартып шат күйді
Қалаға, ауыл, қыстаққа.
Шалқиды, егін шалқиды,
Комбайндар — стартта.
Қызыл күрең дидары
Көзге жылы ұшырап.
Күз келді қызыл бидайды
Құшағына қысып ап;
Еңбектің жүрген ізіндей
Егіннің десте — баулары.
Ерлердің жарқын жүзіндей
Қырманның қызыл таулары.
Толқиды егін далада
Алтын жалын жел үрлеп,
Жүзеді ашық ауада
Жарыстың туы желбіреп.
Адымдап бізбен келеді
Бұлтармай бұл күз, бұл дала.
Олар да рапорт береді
Москва, Политбюроға.
1952


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз келді өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күз келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз келді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері