Ақ қурай

Бұл бетте «Ақ қурай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3607
Ей, ақ қурай, қызыл қурай, қурай, қурай,
Құдайым қызды ауылмен сыбай қылғай.
Әкесін ала жаздай ауру қылып,
Шешесін естімейтін саңырау қылғай.

[Қайырмасы]
Домбырам басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Қар жауса қара жерге қақ тұрмайды,
Жігітке сұлу қыздар таптырмайды.
Сыртынан қызды ауылдың ән шырқасақ,
Тыржыңдап шал мен кемпір жақтырмайды.

[Қайырмасы]
Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Мінгенім дәйім менің ала құнан,
Қыздардың жел соғады балағынан.
Шортандай шабақ қуған шөпілдетіп,
(Сүйер ме еді сол қалқаның тамағынан.)
Шіркіннің сүйер ме еді тамағынан.

[Қайырмасы]
Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қурай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ қурай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қурай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қурай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері