Мақаншы мәнерлері – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мақаншы мәнерлері» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1881
(Қабдеш Жұмәділовке)
Таулардың тарланы екен Тарбағатай,
Мінезі маң-маң екен Тарбағатай,
Қолаты қорған екен Тарбағатай,
Пай-пай, пай, оң қанаты-ай, сол қанаты-ай!
Тұрқына тұғыры сай Тарбағатай,
Тұрпатқа ғұмыры сай Тарбағатай,
Ызғарға жылуы сай Тарбағатай,
Пай-пай, пай, Ебі желі емге қат-ай!
Шыңдары қиыр-шиыр Тарбағатай,
Шежіре ию-қию Тарбағатай,
Асуың қиын-қиын...асу қиын,
Тағдырын түсіндім ғой енді, ағатай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақаншы мәнерлері өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Мақаншы мәнерлері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақаншы мәнерлері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақаншы мәнерлері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері