Күлдім, ойнадым кезінде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Күлдім, ойнадым кезінде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1248
Күлдім, ойнадым кезінде,
Бір күн ойладым: «Сезімге
Кеудем жүргенде күмбірлеп
Құл боп кетпейін, құрғыр», – деп.
Сосын сескеніп, сақтанып,
Судай тазарып, сүттей ақталып.
Жұртқа сыртынан сұқтанып,
Жанасып кетуге шақ қалып.
Жүрдім, қайтейін, заң солай,
Жүрек жұлқынып шаршады-ай.
Кеше көз қырын салмайтын
Қыздар құлпырып қаршадай,
Қарайды о жаққа, бұ жаққа
«Түспейміз» дегендей тұзаққа.
«Біздер қонған құстармыз,
Сендер ұшыңдар ұзаққа», –
Деймін, деймін де тынамын,
Кей күні шыңылдап құлағым.
Кей күн өрекпіп жүрегім
Өртім сөнгендей жүремін.
– Бұл не, білсеңдер айтыңдар бір емін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлдім, ойнадым кезінде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Күлдім, ойнадым кезінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлдім, ойнадым кезінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлдім, ойнадым кезінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері