Ұсақ адам

Бұл бетте «Ұсақ адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1094
Сен
Ұсақсың, майдасың, күйкiсiң.
Әлдекiмдердiң –
Балағында жүрген! –
Битiсiң.
Жүн-жұрқа мен
Қоқыстың iшiнде
Қыбырлап жатқан
Құртсың.
Қыртсың!
Жоқ нәрсенi терiп
Байбаламға саласың.
Айтпады деме –
Түбiнде! –
Айдалада қаласың.
Қоймайсың!
Өсек-жалаға тоймайсың.
Мен сенi
Биттей сығып тастар ем –
Асыл тырнағым! –
Қан болады ғой.
Құрттай мыжып тастар ем –
Асыл аяғым! –
Былғанады ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсақ адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұсақ адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсақ адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсақ адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері