Өлең, жыр, ақындар

Жапырақ жан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Толассыз күз жауыны құты кеткен,
Салқын самал ырқымен сіркіреткен.
Тіршілікті меңзейді ақ қайыңдар,
Саусағының ұштары дір-дір еткен.

Жапырағы қаусаған өңі қашып,
Дүлей дауыл быт-шыт қып кетер шашып.
Жазмышыңды қайтейін обалсынбай,
Аяқ асты біреулер кетер басып.

Үмітімдей үзілмей тұрасың ба?
Тар ғаламға көңлімдей сыйясың ба?
Бір жапырақ жаныңды құсқа арнап,
Ұясында жатуға қиясың ба?

Ғұмырымыз шектеулі ұқсас мына,
Қара жердің сіңерміз құйқасына.
Уайымдама із қалар өзіңнен де,
Қара өлеңді келтірсем ұйқасына.

Қиялдайтын ақынның әуресі не?
Күзі келіп түсірер тәубесіне.
Мен де өзіңдей келгенмін көгеріп бір,
Бұл жалғалғанның жарауға кәдесіне.

Сен де ұшарсың желкендей затың барда,
Мен құштармын өлеңге ақым
бардай.
Ораларсың көктемде талға бітіп
Жапырақты жұбатар ақын барда.

Ержан Қабышұлы Қабанбай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақ жан өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Жапырақ жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жапырақ жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақ жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.