Құлпы қызға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2051
Нағыз асыл дүр едің,
Жәннаттың ғайни һүрі едің.
Қиядағы сен сұңқар,
Қол жетпес жерде жүр едің.
Алтын, гауһар, шамшырақ,
Жарқыраған нұр едің.
Рамбағы кең сарай,
Бағулы жерде тұр едің.
Жылжыған сен бір жорғадай,
Мың теңгелік құр едің.
Мысалы тасқан дариядай,
Белгілі жерді шіредің.
Зылиха менен Ләйлінің,
Заманында бірі едің.
Талпынған талапкерлердің,
Көкірегінен тіредің

1908


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлпы қызға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Құлпы қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құлпы қызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлпы қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері