Құрбанғали молдаға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Құрбанғали молдаға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1421
Болғанмен асылың адам, ая Құрбан,
Есексің ес, ақылың тіпті құрыған.
Еткен соң осынша еңбек ескеріп Хақ,
"Ілім" атты иініңе тақты тұрман.
Суретің соныңменен саф көрініп,
Жалынды жас балалар жайып Құран:
"Бұларға болсын ермек бұл мәгәс", - деп,
Кеңесті кәді құдалар мұнда тұрған.
"Мен мұнша мәртебені таптым-ау!" - деп,
Сәлде орап, шыт шапанды кидің сырған.
Итке ұқсап өлімтікті тартқылаған,
Етесің стол мініп ырғаң-ырғаң.
Артықтау өзіңнен де осы уақыт,
Тәліп көп, түйе, жылқы жұрттан жырған.
Көрсе олар бірін-бірі құшақтасып,
Басысар мауқын әбден, тұрып бір ән.
Олардан сен азамат танымайсың,
Сарт, сірә, шамалаймын, көзіңді ұрған!
Басында бұл әдетің тұра берсе,
Қалайда аузыңнан келер бір қан!
Қор тұтып қатарыңды, қадір, құрмет,
Таппайсың, болғанменен асылың нұрдан.

1910


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбанғали молдаға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Құрбанғали молдаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрбанғали молдаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрбанғали молдаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері