Сотқа – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Сотқа» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1799
Құттықтау халық аралап келген сотқа,
Тұрсындар ту көтеріп келіп қотқа.
Ақ тұзын Үкіметтің анық ақтап,
Байлатып бай біткенді аттың отқа.
Оларды ошағыңа отын қылып,
Қайнаттың қазаныңа біраз ботқа.
Бай емес бәрінде де байтақ елдің,
Шатақ бар шыға алмайтын салып шотқа.
Қан сорғыш қарны әйдіктер қалды отырып,
Сынғандай сырық тиіп бел омыртқа.
Жолынан жүретұғын қалды айырылып,
Айналып капиталдың күні ымыртқа.
Ерлерден ел билеген ерік кетіп,
Текке отыр ие болып сақал, мұртқа.
Айта алмай сасқанынан сұлулап сөз,
Сыймай тұр нешеулердің тілі ұртқа.
Осы рет намақұл деп надан да айтпас,
Жүргізген жол жобаңды жалпы жұртқа.
Ойымша партияны ұйғарамын,
Жаңбырлы жазғытұрым жауған бұлтқа.
Әлбетте артыңды абат ойлап енді,
Әр түрлі миуа жеміс жегіз ұлтқа.
Қулардың құшағына қоса салмай,
Біздердей кеңшілік қыл кеткен мылтқа.

1924.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сотқа өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Сотқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сотқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сотқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері