Сейдахметке

Бұл бетте «Сейдахметке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1167
Кеңес тұр кеше күндіз күтіп көпті,
Жер түгіл, көрсетеді ұшып көкті.
Ерлердің өзі түгіл түзде ұрпағы,
Шұбар төс шынжыр қатар ата-текті.
Жасасын жетім-жесір жүдеулердің,
Керегін келтіріл тұр көтерсе иекті.
Азамат Сейдахмет шет ауданы,
Оңтүстік Қарқаралы өкірікті.
Ішерге ас, киеріне киім таппай,
Жоқтықтың жалбарынумен қарын шекті.
Нағима қызы оның бес жасында,
Жетім қап, жылап еңіреп жасын төкті.
Есіркеп оны Үкімет детдомға28 алып,
Нан мен май, шекер мен шай беріп сөкті.
Кидіріп киім-кешек көңілін ашып,
Оқуға ұзатпай-ақ оны жекті.
Зейілі қатарынан басым болып,
Ән мен күй болды биге өте епті.
Тамамдап "4" болам деп бұл күнде отыр,
Жан-жаққа жарқыратып жайып септі.
Мектепте 7 жылдық жайнақтап жүр,
Көтеріп көкке қарай көкіректі.
Он бірде осы биыл осыны ойлап,
Тілеңдер түпкілікті бір тілекті.

1936.
* * *
Бізің сөзді, жолдастар,
Газетке тіркеп болып тұр.
Сөз қымызы құтырып,
Сабасында ашып тұр.
Ішіп көрсек екен деп,
Жұрт біткен жымыңдасып тұр.
Жасасын Кеңес кедейдің,
Келтіріп керек жарағын,
Алдына миуа шашып тұр.
Құтты қонақ қонғанда,
Қой егіз туар дегендей,
Дария мен бұлақ тасып тұр.
Қоймайтын қылды қорлықты,
Ой жетпейтін өнерлер,
Күннен күнге асып тұр.
Жан-жақтағы жаулары,
Жүректері дірілдеп,
Өзінен-өзі жасып тұр.
Бай, құлақ, төре, ишандар,
Көзді қысып, көт тығып.
Қиқарсымай қашық тұр.
Көркейте бермей көңілін,
Кедейді қойып кеңіске,
Шаршатып біздей ашықтыр.

1936.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сейдахметке өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Сейдахметке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сейдахметке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сейдахметке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері