Алаштың Фаризасы

Бұл бетте «Алаштың Фаризасы» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 765
ақын рухына

Аллаһ берген
Өзі алды аманатын...
Кезек жетсе,
Кім аман қала алатын?
Фаризасын іздейді ел әлі талай,
«Поэзия патшайымы» саналатын.
Есіне алып, елімнің кәрі-жасы,
Өзіңізден басталар аңыз басы...
Алшы түскен асығы әуел бастан,
Сіз едіңіз – алаштың Фаризасы!
Ақ Жайықтай буырқана тасып тұрып,
Жырыңызға ел-жұртты ғашық қылып,
Сіз едіңіз өктемдеу сөз айтатын,
Мықтыларды мысыңыз басып тұрып.
Сіз едіңіз сіңлілерін еркелеткен,
Өрге сүйреп өмірін көркем еткен.
Поэзия айдынында сол ақындар,
Өзіңізді ес көріп, желкен еткен.
Сол желкеннің жүзуші ек ығыменен,
Қалдық па біз сүйеусіз шыныменен?
Жо-жоқ апа!
Сіз салған сара жол бар,
Жоғалтпайды өзінің құнын өлең.
Сізге берген бұл – тағдыр сыбағасы,
Ортамызда болдыңыз жыр-анасы.
Мұраңызды сақтайтын ұрпақ барда,
Көнермейді өлеңнің мұнарасы..
Сіз – тірісіз.
Жыр – анасы!!!

2014 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаштың Фаризасы өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Алаштың Фаризасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаштың Фаризасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаштың Фаризасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар