Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім,
Тас түнекті бұ тірліктен түңілдім.
Опындырды басқа жайттар
Қорықпаймын,
Тым санаулы қалғанына күнімнің.
Ай туады маңдайымда шалқалап,
Қасқыр ұлыр түн жамылып, анталап.
Көк бөрінің көтергенде киесі,
Менің жырым құрар сонда
Салтанат.
Аруағым өлең оқыр ақпалап,
Зейін қояр ару қыздар ақтамақ.
Тым-тырыс боп жүрген қазір сыншы көп,
Ағаларым сонда мені
Мақтамақ.
Оранып ап желегіне жалбыздың,
Жатармын-ау оң жақта бұл жалғыз күн.
Күйігінен зорға жүрмін құсаның,
Міне осындай жайды білсең,
Хал біздің.
Қара басты тықпаладым сорға алып,
Аштырмады
Адымымды тор, қамыт.
Ианаттан имене ме,
Жүрегім –
Бүлкілдейді кеудемде сол зорға анық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері