Өмір деген асқар тау биік екен
Бұл бетте «Өмір деген асқар тау биік екен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір деген асқар тау биік екен,
Мекендеген биікті киік екен.
Арманыма жетермін не жетпеспін,
Мен өзіңді бәрібір сүйіп өтем.
Ойламадым бар-жоғын күйеуіңнің,
Ойламадым бар-жоғын сүйеуіңнің.
Жарқын жүзді, жайдары, ақ көңілді
Сендей жанды көргеннен сүйе білдім.
Қаламасаң сен мені, қаласаң да,
Ақ көңілмен аға деп санасаң да,
Мен өзімді бақытты сезінемін,
Жақын жанның бірі деп санасаң да.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі