Талыстай боп жайылады маң Далам – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Талыстай боп жайылады маң Далам» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 3
  • 944
Талыстай боп жайылады маң Далам,
Құс шалғысы талып талай самғаған.
Мұнаралар мұңға бөгіп маңқиды,
Көз сүзеді басы айналып сан ғалам.
Егемендік келдің елге, шаңғыттың,
Қаралдысы қыруар бір қамдықтың.
Ауыл қалды арашасыз Адамнан,
Баланы да, кәріні де қаңғыттың.
Ең алдымен бөлді жұртқа еншілік,
Біреуге – кем, біреуге – артық...
Көншідік.
Бес саусақтың өзі бірдей емес қой,
Әр-әр тұстан кеткен шығар кемшілік.
Халығым бар – жіңішкермес мойыны,
Отаным бар – ойсырамас қойыны.
Шолақ қолды біргәдірлер жүр әлі,
Сөзден бұрын жүгіретін сойылы.
Жасалуда әр нәрсеге «келісім»,
Жесек соның жақсы болар жемісін.
Жаңа Астана, іргеңе мен тас қойдым,
Қанаттанған Қазақ үшін, ел үшін.
Көрінеді ұлы нұсқа алдан нық,
Жаңа ғасыр аттауға біз қамдандық.
Ит аузына ағаш тыққан ағайын,
«Келістік» те келімсекке жалдандық.
Асқақтай бер, қалың жұртым, ардағым,
Базар кетті, «базаршылап», бар малың.
Ит тірліктің шыршуымен жүргенде,
Айтылмай да қалар ма екен арманың?
Әр нәрсені ойлай-ойлай шалдықтым,
Әлдеқайда қуатты ма хандық күн?
Бара-бара құлдық дәурен құрмай ма?
Ал әзірше алдындамыз жалдықтың.
Талай нәрсе кездесер-ау жолыңда,
Қазір не бар, қара халық, қолыңда?!
Тырбан, тырбан!
Тәуелсіздік ту ұстап,
Аболиционист болмайыншы соңында...



Егемендік келдің елге, шаңғыттың,
Қаралдысы қыруар бір қамдықтың.
Ауыл қалды арашасыз Адамнан,
Баланы да, кәріні де қаңғыттың.
Ең алдымен бөлді жұртқа еншілік,
Біреуге – кем, біреуге – артық...
Көншідік.
Бес саусақтың өзі бірдей емес қой,
Әр-әр тұстан кеткен шығар кемшілік.
Халығым бар – жіңішкермес мойыны,
Отаным бар – ойсырамас қойыны.
Шолақ қолды біргәдірлер жүр әлі,
Сөзден бұрын жүгіретін сойылы.
Жасалуда әр нәрсеге «келісім»,
Жесек соның жақсы болар жемісін.
Жаңа Астана, іргеңе мен тас қойдым,
Қанаттанған Қазақ үшін, ел үшін.
Көрінеді ұлы нұсқа алдан нық,
Жаңа ғасыр аттауға біз қамдандық.
Ит аузына ағаш тыққан ағайын,
«Келістік» те келімсекке жалдандық.
Асқақтай бер, қалың жұртым, ардағым,
Базар кетті, «базаршылап», бар малың.
Ит тірліктің шыршуымен жүргенде,
Айтылмай да қалар ма екен арманың?
Әр нәрсені ойлай-ойлай шалдықтым,
Әлдеқайда қуатты ма хандық күн?
Бара-бара құлдық дәурен құрмай ма?
Ал әзірше алдындамыз жалдықтың.
Талай нәрсе кездесер-ау жолыңда,
Қазір не бар, қара халық, қолыңда?!
Тырбан, тырбан!
Тәуелсіздік ту ұстап,
Аболиционист болмайыншы соңында...


Пікірлер (3)

Гүлжанат

Керемет жазылған жыр шумақтары.

Гүлжанат

Қаламыңыз ұштала берсін

Гүлжанат

Қаламыңыз ұштала берсін!Өте

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талыстай боп жайылады маң Далам өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Талыстай боп жайылады маң Далам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талыстай боп жайылады маң Далам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талыстай боп жайылады маң Далам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері