Менің Қабдоловым

Бұл бетте «Менің Қабдоловым» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1110
академик, жазушы З.Қабдоловқа

Қызыл тілдің мәйегін тамызатын,
Жадымызда өшпестей жазылатын,
Сіз оқыған дәрістер
Сол жылдары
Біздер үшін
Таусылмас қазына-тын...
Өтсе-дағы қанша жыл,
Қаншама күн,
«Менің Әуезовым!» деп
Жар салатын.
Сіз едіңіз
Тірілтіп сол бейнені,
Есіне алар
Әр күні,
Әр сағатын...
Сөз орамын
Лақтырып дестелеген,
Сіз едіңіз
Көркем ой кестелеген.
Сізге қарап
Шәкірттер бой түзедік,
Қайыңдайын
Қаймықпай ештеңеден.
Көк шыбықтай
Ұмсынып Күн-иеге,
Ғашық болдық
Жап-жарық дүниеге.
Сіз сіңірген мейірім
Осы емес пе,
Ізгілікке іңкәрміз жиі неге?
Жас дарынның оятып батылдығын,
Жүрегіңіздің сездіріп жақындығын.
Сіз едіңіз
Оқитын төгіп-төгіп,
Өзіңізге ұнайтын ақын жырын...
Бірде – Қадыр,
Бірде боп Қуан-ақын,
Жыр төксеңіз
Жанымыз құп алатын.
Беріп сосын бір мезет
Бізге кезек,
Сіз едіңіз
Ортаға шығаратын.
Алабұртып көңілдің күйіне тым,
Сұлулыққа
Біз едік сүйінетін.
Шәкіртіңіз қаншама,
Қараңызшы,
Алдыңызда құрақтай иілетін?!
Алаулатып
Аллаһтан алған нұрын,
Жалаулатып жүрегін
Жанған ғұмыр...
Сіз – бұлақ та,
Біз – құрақ,
Сарқылмаңыз,
Қазағымның, һәм менің Қабдоловым!

2001 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің Қабдоловым өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Менің Қабдоловым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің Қабдоловым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің Қабдоловым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері