Сарымсақ ұстаға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1743
Соғып бер Сарымсақжан маған пышақ,
Салалы ет, соға қойсаң, етпе ұсақ.
Орасан өте сұлу болсын форма,
Мойнағы жез, ақ болсын яки масақ.
Көзіндей көріп оны көп тұтынам,
Осы жаз ұстар демей яки қысақ.
"Біздерді пістік, міне, жарып же", - деп,
Қауын мен қарбыз жатыр жайып құшақ.
Сондықтан өзіңе арнай келіп тұрмын,
Айналмай ұсталарға ұсақ-пысақ!
Жөнелтсең жұмысымды, жөнді болса,
Жегендей талтаңдармын тоқты-ұсақ.
"Қу жансың құр жан жүрсең қалайда", - деп,
Ұялтты балалардың берген нұсы-ақ!
Қынында қыл қабатын пышақ болса,
Көргендер қошеметтеп дейді: "Кісі-ақ!"

1928.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарымсақ ұстаға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Сарымсақ ұстаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сарымсақ ұстаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарымсақ ұстаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері