Сауал – Таңсəуле Əгенқызы

Бұл бетте «Сауал» атты Таңсəуле Əгенқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаралған сендік күн едім,
Шуағын төккен биіктен,
Біреуді мендей ұнатып,
Өзгені менше сүйіп пе ең?

Қыз көңіл қанша сағынса,
Өзіңді соған қиып па ең,
Мөлт еткен жасқа ғашық боп,
Мөлтілдек көзді сүйіп пе ең?

Арайлап алдан таң атса,
Сен келер деген күдікпен,
Жолыңа үнсіз көз артып,
Сағындым сені біліп пе ең?

Баянсыз бақты арман қып,
Аққан жұлдызға іліккем,
Сезімнің мұнша боларын,
Сезінсем дағы біліп пе ем?

Көнбейді жүрек дегенге,
Ұнатар деген үмітте ем,
Күн шығыс жаққа қараймын,
Сен келер деген үмітпен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауал өлеңінің авторы кім?

Таңсəуле Əгенқызы — осы өлеңнің авторы.

Сауал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Таңсəуле Əгенқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар