Өлең, жыр, ақындар

Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3840
Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!
Мықтысың сен болаттан,
Осалсың сен шөлмектен.
Сөздің қасиетін сол
Сөз еткен тек мен деп пе ең!
...Албырт жандар күйіп-жанып, алаулап,
Сол алаудан күй дәме етіп, ән аулап,
Естілгенде бір ғажайып жыр үні
Тынып қапты бұлақтардың гүрілі.
Бұлт қарапты қаһарланып, тұлданып,
Жерге жарық түсірді екен күн нағып?
Сол бір күннен қызулырақ жүректі
Ақын депті, ақын депті бұл халық.
Асқар шыңдар жасырыпты бойларын,
Асығыпты ақылға арман, ойға мұң.
Ақын – мұңды, толды жаны ызаға,
Ол ызаны, мен мынаны ойладым:
«.. Сол адамды жасағанда ақын ғып
«Құдайға да» біткен шығар батылдық!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салмақ

  • 0
  • 0

Адастырып арзан дәме, жалған үн,
кемеңгерлер кемітпесін салмағын.
Жеңілдесін көкке ұшатын кемелер,
азаймасын тек салмағы Балғаның.

Толық

Ей, туған жер! Біткен екен бас маған...

  • 0
  • 0

Ей, туған жер! Біткен екен бас маған,
Сол басыммен өз кеудеңді жастанам.
Сар құмыңның бір мысқалын қос маған,
Уақыттың дауылы айдап таста

Толық

Қыран

  • 0
  • 0

Үлгі-өнеге болсын дей ме артқыға:
— Қара шыңнан қарғып ұшып қарт қыран,
Шырқау көкке шығады екен өлерде,
Содан өзін тастайды екен төменге.

Толық