Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2198
Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған,
Көндім мен, болмасам да көнбіс адам,
Жарасып қалды екі жан, екі көңіл
Бірі – көк, бірі мынау көлге ұсаған.

Ұғыстық... жаным несін қалсын аяп?
Ұғыстық ұзақ жүрер жолшыдай-ақ.
Ұғыстық... тау бөктерлеп бір елікті
Бірігіп қуатұғын аңшыдай-ақ.

Тартады күннен-күнге жүзің ыстық,
Екеуміз бір бұлақтан жүзіп іштік.
Бір бұтақ жемісіне қызығыстық...
Әйтеуір біз ұғыстық, біз ұғыстық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері