Шындық туралы – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Шындық туралы» атты Мұқағали Мақатаев жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!
Шындық деген - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.


Пікірлер (5)

ұлмекен

керемет,шығармама эпигрф қылып алмасам

әсел

керемет

Темірхан

Керемет зор

Бекзат

Мұқағали Мақатаевтың Шындық туралы өлеңі ұнады

Абдуғани

Осының арқасында жарыста бірінші орын алдым

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шындық туралы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Шындық туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шындық туралы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шындық туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері