Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан

Бұл бетте «Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4779
Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы – үмітім,
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.

Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,
Дүниеде нелер биік – Ар биік.
Көк жалғызы – ай да менің арманым,
Арманым ғой әлемдегі бар биік.

Арман, арман! Ол да мендік, өзімдік,
Көтерейін, кетерейін төзім ғып.
Күн шыққанда – Күншығыс боп оянып,
Күн батқанда – Күнбатыс боп көз ілдік.

Көк жүзіне адам ізін салды, әне,
Менікі ғой жақсы күндер алдағы.
Жақсылықтың бәрі... бәрі – меншігім,
Менікі емес, менікі емес қалғаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері