Өлең, жыр, ақындар

Ғасырлар съезі

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 2
  • 2
  • 12305
Қырқыншы ма,
Елуінші ме ғасырда
Ғасырлар жиналып, ғасырлар съезін ашуда
Адыра қалып алтының мен ураның,
Парасат, ақыл арнаға сыймай тасуда.
Өткен ғасырлар, жеткен ғасырлар жиналып
Таңырқар сонда жиырмасыншы ғасырға!
Өткен ғасырлар,
Жеткен ғасырлар бас ұрып,
Заманалардың есігі тегіс ашылып,
Енеді сонда бүкіл ғаламдық Сарайға,
Жығылмай туы жиырмасыншы ғасырым.
Жанады жарық -
Жұлдыздар нұры шашылып.
Съезді ашады,
Естіліп үні тұрады.
Жанды да, жансыз дүние тегіс тұнады.
Өткен ғасырға,
Жеткен ғасырға сөз беріп,
Менің ғасырым бәрінің басын құрады.
Кезекпен сөз ап,
Ғасырлар есеп бергенде,
Жіберіп қойған қателіктерін көргенде,
Бабаларына да,
Балаларына да,
Жиырмасыншы ғасырым
Ақыл айтады қателіктерін жөндеуге.
Жайылар сонда ғаламға үлкен дастарқан,
Ғасырым менің оны да өзі басқарған.
Heгe дейсіз ғой?
Heгe десеңіз,-
Нағыз керемет осы ғасырдан басталған.
Салтанат бітеді,
Ғасырлар тегіс тарасар,
Әрбір ғасырлар өз дәуіріне жарасар.
Жарылып бәрі осы ғасырға жол ашар.
Ғасырымды менің
Болашақ ғасырлар
Қонақ етуге таласар.



Пікірлер (2)

Дәмір

ойы мықты ақын

Сүннатқожа Зейнеп

Маған бұл өлеңдер қатты ұнайды! Мұқағали Мақатаев менің ең сүйікті жазушысы

Пікір қалдырыңыз

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен

  • 0
  • 1

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.

Толық

Өкпелетті дей алман өмір мені

  • 1
  • 6

Өкпелетті дей алман өмір мені,
Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі.
Салауат боп, сал денем жеңілдеді.
Қуантты да дей алман өмір мені,

Толық

Сонарда

  • 1
  • 2

Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,

Толық