Өлең, жыр, ақындар

Теңіз туралы

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3110
Теңіз, теңіз!.. жел тұрмай-ақ тулады ой,
Теңіз болса табар ма еді жан шыдам.
Теңіз бірден - теңіз болып туған ғой,
Мен теңізді құям деймін тамшыдан?!...
Теңіздердің құдіретіне елігіп,
Толқып, толқып аламын.
Көп толқынды жел көтерсе демігіп,
Мен - теңізді көтергендей боламын.
Толқындарды сындырады жел бүктеп,
Теңіз жатыр басын сүйеп даңқына.
Кім теңізге туған болса еліктеп,
Сол жарайды, тым құрыса, тамшыға.
Тебірене, тебірене бұл теңіз
Толқындардың шашы ағарып кеткен бе?
Адам жанына үңілуді білсеңіз
Таңданбайсыз теңіздер мен көктемге.
Мен жырыма: "Теңіз, теңіз",- дегіздім,
Теңіз жәйлі шертіп жүрміз шын аңыз.
Табынбаймыз атағына теңіздің,
Оның даңқын шығарған да мына біз.
Толқындардың тізбектерін жел үзді,
Теңізде де тұтастық жоқ- дәл шыным.
Табыну - жоқ, тану үшін теңізді
Білсем деймін қасиетін тамшының!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 0
  • 0

Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Толық

Тау баурайында

  • 0
  • 1

Көкірегімнен қуат сездім сұрапыл —
ақ көз-бұлақ, ақтарылмай тұра тұр.
Тасқын алса жер мен көктің арасын
Міз бақпаған қасиетті қара шың,

Толық

Қарт жауынгер сөзі

  • 0
  • 0

...Қара дауыл, құлағымда тұр үнің,
Қара түтін, көз алдымда бұрымың.
Найзағайлар сермегенде сырығын,
Тірі қалдым, тірі қалдым – тірімін!

Толық