Шал – Қобылан – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Шал – Қобылан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1572
Көктем. Аула. Боразда.
Топырақтың түріліпті еріні –
Күрек салған бораздаға ол аз ба.
Шал қолында темір күрек кәдімгі,
кәдімгі шал бұл өзі.
Жалғыз міні – ұнатады әзілді,
Сайқымазақтау мінезі.
Сол әзілмен ұқтырады өзін ол,
бет-жүзі ескі, жаны бірақ су жаңа.
Сәл қысыңқы көзімен
Қарағаны керемет-ау қулана.

Еңбеккер жан атаушы еді оны елі,
Еңбек, рас, суытпайды денені.
Кәрілік те – әлсіздік-ау деп еді,
бұл – жастық пен қайсарлықтың өлеңі!

Шал маңдайы – терлер жыртқан боразда,
ақ селеулі төбеге ұқсас басы да.
Дән де емес-ау, маңдай терін себеді
Мынау бораздасына.
Айтсам егер мен шынын:
Секілденді бәрі соның меншігі.
Дәл соныкі Аспан, Жер,
Жердікі, әттең, өзі де.
Ертең өзі «О дүниеге» өткенде
бораздасы қалады.
Осыны ойлап кеткенде
бір шытады қабағын.
Бұдан басқа қарсылығы жоқ тағдырға
Қарсылықсыз бағынады қол мына.
Осы қолда әлі сөйлеп келеді
Күрегі оның
Күрек емес – домбыра.

* * *
Соғыс жұтқан мұның да
Жалғыз ұлын сонау жылы көктемде.
Кәрі жүрек қояды сәл шымырлап
білегіне бейнет батып кеткенде.
Кемпірі де жоқ оның, –
Өзі айтады: «тозақта».
Мынау кәрі дененің
Жартысы да со жақта:
«пәрәлеш» пе?
Бола ма ондай қазақта
Қайсарлық бойға жамалды
Қайғылы талай түн қорлап.
Өлмейтұғын адамды
Өлтіре алар кім зорлап!
Шал осылай жүр тірі,
Сол күндерге кекті о да.
Шалдың кесір кірпігін
Тер жуады тек қана.
Демал десең бір көнбей
Жер өңдейді Қобылан.
Әлденендей кегін алып жүргендей
Күрегі мен қолынан.
Жер қазып
Ол – жалғызбас.
Кіміне азық әзірлер?
«Жинап жүрмін көрге азық», –
деп кейде өзі әзілдер.
Қу бұтақтай тамыры,
Жапырақтай алу-далу кеудесі...
О, тағдырдың әмірі,
мықтымысың сен де осы?
Шал мықты ма әлде бұл
Ертеңге озған Бүгіннен,
Кәрі демін – дәрменін
Топырағына сіңірген?!

Шал маңдайы – боразда,
Жер маңдайы – боразда
бірін-бірі жасандырса...
Ол – аз ба!
Көзіме де сыймады,
Көңіліме де сыймады бұл – ғажап жан;
таппайды ол еш тыным,
Мейлің ая, күл мейлің.
Тартады оны еңбек деген махаббат,
ал махаббат қартаюды білмейді.
Махаббат барда – Адам өлмес, Адам бар.
Сенбесеңдер, осы шалға қараңдар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шал – Қобылан өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Шал – Қобылан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шал – Қобылан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шал – Қобылан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар