Көңілсіз күндер басымда – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Көңілсіз күндер басымда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1933
Көңілсіз күндер басымда,
Сені күтемін сұр түнде.
Неге келмейсің қасыма?
Көзде жасымды сүртуге.
Бұл қалада жоқ қуаныш,
Көктем кешікті сенімен.
Болар жаныма не жұбаныш?
Жапа-жалғыз егілем.
Әндерім саған арналған,
Өлең жазылды жырақта.
Үміт шақтарда қарманған,
Өзің жоқсың ғой бірақ та.
Сағыныш сазы жиі ақты,
Жүрек жылайды мұңдардан.
Маған керек емес сияқты,
Сенсіз қалған бұл жалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілсіз күндер басымда өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Көңілсіз күндер басымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілсіз күндер басымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілсіз күндер басымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері