Жоладың маған несін сен? – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жоладың маған несін сен?» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1315
Жоладың маған несін сен?
Ұнаттым сені не үшін мен?!
Тіршілік тыныш быт-шыт боп,
Жаңылдым енді есімнен.
Сезімді сөнген үрледің,
Тәнімде сұмдық жүр менің.
Кездесіп бейуақ
О, жалған,
Кіл ғаріп күндер сүргенім.
Миымда қонып мәңгі арман,
Ертегі күткен таңдардан
Еркелеу ақын қыз едім,
Опырылып түстім заңғардан.
Тірлігім қалды тегі – үміт,
Қиялға шындық жегіліп.
Құлы боп кеттім...
Өлеңім?!
Өлеңім қалды егіліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоладың маған несін сен? өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жоладың маған несін сен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоладың маған несін сен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоладың маған несін сен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері