Мен білмеймін, не күтемін таңымнан

Бұл бетте «Мен білмеймін, не күтемін таңымнан» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2897
Мен білмеймін, не күтемін таңымнан,
Ертең атар рауандап?
Кім табылады сын сағатта жанымнан,
Кімдер кетер жамандап?
Құша алам ба бақытты көк, жер тіреп,
Бір-ақ минут, бір рет.
Соған жетсем, ей, мендегі шер жүрек,
Жылай көрме діріл ет.
Мен білмеймін, кімнен жүрмін бата алып,
Неге отырам қақшиып?
Тіршіліктің нағыз құлы атанып
Неге жүрмін басты иіп?
Өтуде өмір, қыркүйек те салқындап,
Өлім жайлы қаңғып ән.
Ақырғы сәт соққан кезде алқымды ап,
Елге немді қалдырам?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері