Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1473
Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,
Құмарлыққа күң болғанда сезімім.
Жасырамын кімнен, қалай сырымды?
Көп күнәһар пенденің нақ өзімін.
Сүймей жүріп, сүйіп қалдым бір жанды,
Көп кешігіп кезіксе де ол маған.
Тек онымен жаным-тәнім нұрланды,
Сәтім, сірә, Аллам өзі қолдаған.
Оны көрсем өмір – жұмақ бақшасы,
Көрген азап ескі кино секілді.
Теңіз терлеп, далам күлді ақ шашты,
Мен де енді бақытты боп бекіндім.
Жүзі жарқын сол адамға ғашықпын,
Тағдыр, саған тура қарап айта алам.
Түнде таңға, күндіз кешке асықтым,
Көру үшін тек сол жанды қайтадан.
Ғашықтықты кім айтады күнә деп?
Сүйе алмасам, далбаса ғой қалғаны,
Сағындырса сан күн жүрек жыла, кеп,
Бір әйелдің арман емес ардағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері