Дүниенің дым болмай думандары – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Дүниенің дым болмай думандары» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1437
Дүниенің дым болмай думандары,
Дарбазадай қалаға сыя алмаймын.
Қабағымды ұғынғыш туғандары,
Ашық-шашық, ауылды қиялдаймын.
Қымбат ауып әкем мен бабам жүрген,
Басқан ізі ақылға ақыл қосар.
Мейірімді даламнан табам бірден,
Жаман қайғы тозақпен бақұлдасар.
Төбелері төстерін айқара ашып,
Сырыңды ашсаң, сертіне қамыс берік.
Жолай алмай өтірік сайқал қашып,
Сексеуілдер сынбайтын намыс беріп.
Жырлар туып, бір ойға батады маң,
Шабыт құмды құйындай құтырады.
Түнді қуып, күн сүйіп атады таң,
Күдіктерді келмеске зытырады.
Таңнан бастап, тіршілік тыным көрмей,
Сосын кеші жымияр маған қарай.
Мен жүремін ешкімге жыным келмей,
Ойым таза, денім сау, санамда арай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниенің дым болмай думандары өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Дүниенің дым болмай думандары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниенің дым болмай думандары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниенің дым болмай думандары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері