Аман жүрші, әкетай – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Аман жүрші, әкетай» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2808
Жоғарының қалыс қалмай жарлығы
Өзен ағып, желмен билер қоғалар.
Ең бастысы — әке, сенің барлығың
Мұңлы күндер бірде әйтеуір жоғалар.
Кейде нөсер төгіледі аспаннан
Түсініксіз жерді сүйіп, соғары.
Аңыздан да, жырлар мен дастаннан
Әке, сенің парасатың жоғары.
Қиял қуып ақылымды төрінен,
Арман, үміт, жүрек болып — үш тірек.
Сезім, достық, құштарлықтың бәрінен
Әке, сенің махаббатың күштірек.
Бүгінгі күн өсірмей ме мерейін,
Дүниенің нәзіктігі қалмапты.
Жастығымды, шаттығымды берейін
Аман болшы, аман жүрші, ардақтым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аман жүрші, әкетай өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Аман жүрші, әкетай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аман жүрші, әкетай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аман жүрші, әкетай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері