Өзімді-өзім қорғадым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өзімді-өзім қорғадым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Өзімді-өзім қорғадым,
өзімді-өзім қолдадым,
ыстыққа да күйгенмін,
суыққа да тоңғамын.
Отқа салса — мақтадым,
суға салса — батпадым,
өзімді-өзім кінәлап,
өзімді-өзім ақтадым.
Ерлігі ме жеке ердің,
өткізбедім бекер күн,
төмендетіп өзімді,
өзімді-өзім көтердім.
Көтерілдім, көктедім,
жетіп жүрдім,
жетпедім,
арызым жоқ ешкімге,
қарызым да жоқ менің.
Тоймадым ба, тойдым ба,
көп жүгірдім ой-қырға,
өте кеткен ешкімнің
борышы жоқ мойнымда.
Сондықтан да
О, көкем,
сойдың бірі боп өтем, —
Ата-анамнан басқаға
Берешегім жоқ екен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімді-өзім қорғадым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өзімді-өзім қорғадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімді-өзім қорғадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзімді-өзім қорғадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері