Күзгі Алматы – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Күзгі Алматы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4235
Күз келгенде Алматы жабығады.
Жылу таппай, суыққа бағынады.
Ол да жазған қыздардай бірді сүйер
Алатауын еңкеймес сағынады.
Күз келгенде Алматы қалтырайды,
Жапырақтар желге ұшқан ән құрайды.
Шаршады ма, арманын аңсады ма,
Түндерде ояу, шамдары жалтырайды.
Күз кештері жалғыздық басынады,
Жұрт сияқты Алматы асығады.
Үміттерін ұлғайтып берер таңдар
Кірпігіне қылығын жасырады.
Тәні сұлу, жаны аппақ ашық үнді
Бұл Алматы сүймейді жасығыңды.
Күзбен бірге тоңазып, мұңайып тұр
О, Алатау, аймала ғашығыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі Алматы өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Күзгі Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері