Мама – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Мама» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2831
Бағзы үмітпен өзімді құр алдаймын,
Көңілімді басқаға бұра алмаймын.
Өкпелеме, ұрыспа, сөкпе, мама,
Бірақ онсыз мен мүлде тұра алмаймын.
Армандарсыз бұл өмір бос екен ғой,
Сенім деген адамның досы екен ғой.
Жылынатын, телміріп сағынатын
Сүю деген, жан ана, осы екен ғой.
Тәнім теріс тағдырға жекірді де,
Мәңгі сезім бойыма бекінді ме?
Құшағыма кей кезде ұмтылады
Ол да мені қалайтын секілді ме?
Үндемейді, кейде ұзақ аймалайды.
Түнереді кейде ашу байламайды.
Шақырса да, сонан соң аһ ұрса да,
Онсыз менің өмірім жайнамайды.
Шабытының ол берер алмасы — көк,
Жібереді кейде еркін самғашы деп.
Мен өлеңді өлгенше сүйем, мама,
Өмірімде соңғы да алғашқы рет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мама өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Мама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері