Бұл бетте «Көз алдымда» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жан тапсырды ол көз алдымда
Қанды қызу майданда.
Жараланып жүрегінен
Жастай кетті арманда.
Жан тапсырды ол кез алдымда
Жағаласып жауменен,
Жанын қиды жеңіс үшін
Арпалысып ажалмен.
Қайран дүние-ай, жап-жас жігіт,
Қанға оралып жатты - ау ол!
Қол сермеді - ау дегендей – ақ
«О достар - ау, мықты бол!»
Өлген ердің атағымен
Алға ұмтылды рота.
Көз алдымда ту көтерді,
Жауды қырып қирата.
Ер атағы жауын қуды,
Көз алдымда, жеңілмей.
Көріп тұрдым ер өлімін
Өлім емес өмірдей.
Жан тапсырды ол көз алдымда
Канды қырғын майданда.
Көріп тұрдым тірідей ол
Жеткеніндей арманға.
1943 ж. 23 март.
Мензелинск
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі