Медальді овчарка – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Медальді овчарка» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1566
Үлкендігі тайыншадай,
Бір аң тұр үлкен көрмеде
Сирағы бейне бағанадай
Неткен үлкен зор - дене.
Жолбарыс па жүректі,
Жауымен қайтпай алысқан.
Көрінгенмен керісіп
Шайнап, турап қарысқан,
Бойына күшін жинаған
Арыстан ба әлде айбатты,
Кекті жауын жайлаған,
Күш тәңірі қайратты.
Жоқ, аң емес, овчарка,
Бұл адамның шын досы,
Өтпек болған жауларды
Ұстаған қырғи тап осы.
Шекарада күзетте,
Бірге болған ерлермен,
Алтын медаль алған ол,
Көрдім оны көрмеден.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Медальді овчарка өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Медальді овчарка өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Медальді овчарка өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Медальді овчарка өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері