Жауынгер – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Жауынгер» атты Баубек Бұлқышев жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3768
Заман ұлы жауынгер
Сай келген нағыз өмірге.
Жігері бар, күші бар
Өткір алмас болаттай,
Ерімес, ерір күнінде.
Сапқа тұрған оқтай боп
«Алға, алға! - деген, — кідірме».
Оған егер көз салсаң,
Айға шапқан арыстан
Айбатты емес, ірі емес,
Жарқылдаған нажағай.
Күннің қатты гүрілі
Айтарлықтай түк емес.
Қарсы келген қарысып
Кандай қайрат, қандай күш
Оған, сірә, жүк емес.
Жауынгер болу — бұл бақыт
Жас ұрпақ, есей, шынық, өс!

Сентябрь 1939 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгер өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Жауынгер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауынгер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жауынгер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері