Рейхcтагқа ту тіккен
Рейхcтаг жаудың ордасы,
Таусылған соңғы айласы,
Құрсауды мұнда залым жау.
Мақсаты қолға алынбау.
Ендеше текті ерлерім,
Ерлігін әлем естіген
Қажет ғой туды көргенің
Жау күмбезі үстінен!
Отаның үшін, ел үшін,
Жалғауға ерлік ұлы ісін.
Болашақ ұрпақ атынан
Сол міндет, саған жүктелсін,
Қошқарбай ұлы, Рахымжан!
Көмекшінің болсын жаныңда,
Гриша сержант,ол дәйім,
Ал,енді, ерлік жолында,
Сәт сапар саған арнаймын!
Комиссар қудай, шашы аппақ,
Сөйлеген туды тапсырып,
Сүйгені оны құшақтап,
Тілеумен ізгі жақсылық.
Келеді міне,қос солдат,
Рейсхтагқа алып бағытты.
Әттең – ай, бірақ – оқ жолдап,
Дзоттар дауыл танытты.
Көз қаратпас от жалын,
Ойнақшып жылан тіліндей,
Түтінді құшқан бұлт қалың,
Дозақтың қара түніндей.
Жарылған бомбы дауысы,
Маңайды жатты жаңғыртып
Жөтелген неміс танкісі
Лоқсиды кесек қан құсып.
Айнала өлік қаралы,
Жаныңды жаншып,сыздатар
Солдаттар ауыр жаралы,
Ыңырсап,әлсіз тіл қатар.
Омырауын тілген қара тас,
Инедей қанша қадалды,
Өлгенше естен ұмытылмас,
Соғыстың соңғы қадамы.
Қорғасын оқтар бас жалмап,
Тынбастан ажал іздеген,
Жылжыған алға қос солдат,
Жаралы шынтақ сызды ілген.
Екі жүз алпыс,адым жер,
Болды ғой, бүкіл өмірдей
Сорғалаған қан мен тер,
Соғыстың сояу мөріндей.
Әр қадым сәтке көз қадап,
Ышқынып ажал кетпейді,
Бітуге соғыс аз қалды – ақ,
Қалайша елге жетпейді.
Үстінен қара бұлттардың,
Сәулесі күннің сырғанап,
Жеңістің келер бақ таңын,
Тұрғандай күтіп,сығалап.
Рейхстаг міне, ап – айқын
Көрінді төсін оқ тескен,
Кешегі қаһар сұм жойқын,
Күшінің бойдан үні өшкен.
Атылып қызыл жебедей,
Қос солдат алға ұмтылды,
Шуақтан нұрын төгердей,
Сәбидей күліп,күн тұрды.
О, Берлин! Сәлем қабылда,
Қазақтың топырағынан,
Дұшпанның орда тағында,
Дауыстап тұрды Рахымжан.
Жан досын биік көтеріп,
Рейхстагқа алғаш ту тіккен,
Ізінен ерлік,құт өріп,
Қуаныш алға ентіккен.
Рахымжан, аға Рахымжан,
Тарихта қалған есім бұл!
Өзіңдей болып халқымнан,
Үлгі алып батыр өссін ұл!
Қадаған туың қып – қызыл,
Ерлікке тұрды шақырып,
Рауандаған алқызыл,
Нұрына күннің малынып.
Жеңіс!Жеңіс!Сүйінші!
Жүректер қанша алқынған,
Біз едік құйттай тілекші,
Рахымжан аға, Рахымжан.
Қаныңда тулап тұрғанбыз,
Жалғасы болып жасыңның,
Жырлауға сені туғанбыз,
Ерлікті сүйген асылым!
Сен көрдің, жолын азаптың,
Ұмытылмас мәңгі ол күндер,
Қаһарман – деп, қазақтың,
Бағанды берген БАУКЕҢДЕР!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі