Мінездер бар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мінездер бар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Мінездер бар
Қылпылдаған
Ұстараның жүзінше.
Мінездер бар
Сәтте дауыл,
Жайма-шуақ ізінше.
Мінездер бар
«Қыз» атанған,
Қызбаланып ұрынбай,
Жұғысқанды
Жұтатұғын
Қорғасын сұр жылымдай.
Мінездер бар
Тыңдасаң ақ,
Үңілсең, іш құрымдай.
Мінездер бар
Қайрақ сынды
Жүрер түсі жылынбай.
Мінездер бар
Аулақ жүрер
Алты қырды айналып,
Жанағанды
Жағыстырып,
Жағар қара майды алып.
Мінездер бар
Майлы қасық
Оңына да солына,
Қыбын тауып
Қыранды да
Қондыратын қолына.
Мінездер бар
Биік жатқан
Асқар ала тауыңнан.
Айырмасы
«Аспан сынды»
Жерде жүрген қауымнан.
Мінездер бар
Шыңыраудай
Жатар бәрі ішінде.
Мінездер бар
Қаудырлаған
Тетігі тіл үшінде.
Адам қанша
Болса сонша
Мінез екен шатқалаң.
Шатқалаңда
Шырматылып,
Шым батуға шақ қалам.
Қайсы бірі
Жүректерге
Жол тәрізді табылған,
Қайсы бірі
Жүректерге
Қақпа сынды жабылған.
Қилы мінез –
Қилы кезең
Өзі нәзік қадамға,
Әсіресе
Жалбақтауды
Жаны сүймес адамға.
Дарқан ана
Табиғаттың
Даралаған сыйын-ай,
Жүректерге
Барар жолдың
Қашан болсын қиыны-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінездер бар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мінездер бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінездер бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінездер бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері