Ұлытау – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ұлытау» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2532
О, Ұлытау - қазағымның бесігі,
Сенде түзеп бабаларым көшімді.
Жау төнгенде қара бұлттай жан–жақтан,
Қалқан қылған оқ өтпейтін төсіңді.
Күш жинаған қуат алған өзіңнен,
Қайтаруға қасірет түнек кесірді!
Айрылмаған өмір атты жазынан,
Сен кітапсың ұлылығым жазылған.
Әр тасыңда қолтаңбасы бабамның,
Сыр жеткізіп ерлік даңқ сазынан,
Аманатқа ұрпағына қол қойып,
Ақыл ойды парасатпен оздырған.
Киелі тау өзісің сен ғажаптың,
Қазына толы сарайыңды бұзбақ кім?
Тамырындай ғасырлардың солқылдап,
Төзімменен түрін көрген азаптың.
Кең әлемге дауыс салған бармын-деп,
Жүрегіндей көрінесің қазақтың!
Еліктемей солықтамай ешкімге,
Қарсы тұрған өлімге де тас түнге.
Жошым менен Алаша хан да өзіңсің,
Тарихымның сырын шерткен төске іле.
О, Ұлытау тірек болған киелім,
Тектілігім бойдан кетсе кешірме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытау өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлытау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар