Жареке хазірет үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Жареке хазірет үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Туған жерге арнап дәйім дастанын,
От кеудесі алаулаған жас жалын.
Мешітімнің құлап қалған орнында,
Мұңға батып қандай ойдан жасқандың?
Бәрін-бәрін қызыл дауыл бүлдірген,
Жазықсызды ажал оққа ілдірген.
Дасдарханнан ішіп адал асымды,
Зомбылықпен от саларын кім білген?
Келер ұрпақ болмас бәрін айтпасқа,
Келген бақты қорғай білмей шоқ баспа.
Елің сенің болашағың ертеңің,
Дем біткенше хақ жолынан адаспа.
Кең құшағы жүрек тербер ән болған,
Туған жердің ен жайлауы Жем болған.
Сол ұяңнан басталады ұланым,
Отан анаң өміріңе нұр құйған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жареке хазірет үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Жареке хазірет үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жареке хазірет үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жареке хазірет үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері