Ақ төбе мен Қарасай батыр

Бұл бетте «Ақ төбе мен Қарасай батыр» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2159
Балғын кезде қиялшыл ғой әр бала,
Келбетіне әсемдіктің таңдана.
Сұрақ қойды ойда жоқта немерем,
Ойға батып күлімсіреп жәй ғана.
Ақ төбе –деп, аталғаны неліктен,
Айтшы ата біздер келген бұл қала?
Бәрін біліп тумайды ғой ғой сірә адам,
Қандай айып білмегенді сұраған.
Алтын сандық шежіреден сыр шерттім,
Ғасырлардан бізге жеткен бабадан.
Көз алдыма келді батыр Қарасай,
Қамал бұзып ерлікпенен жауды алған!
Жарқылдаған көкте жәйдің оғындай,
Арғы атасы Едіге мен ер Мамай.
Батый құрған Алтын Ордам шытынап,
Теңселгенде көкте аунап жылап ай.
Тірек болып сын сынақта жығылмай,
Көк бөрілі Түрік бабам туындай,
Шаңырақтың отын қайта маздатып,
Сорға батқан ұлы көшті қозғалтып,
Жолын жалғап ата салттан жаңылмай,
Орақ ұлын бір Аллаға тапсырып,
Ел алдында берген серттен айнымай,
Жалау қылып Ноғай баба есімін,
Сақтап қалған от жүрекпен жалындай!
Сол ерлердей от майданнан жүз өткен,
Туған елін қаршығадай күзеткен.
Асау қаны тулап өжет бойында,
Қисайғанды ақыл оймен түзеткен.
Қарт бурадай қас қабағы түйіліп,
Ойрандаған жаудың шебін күйініп.
Нар еді ол халқын сүйген жүрекпен.
Әттең тағдыр жазым қылып оқыста,
Жеткізбестен келер майдан соғысқа.
Жанын алды жан жағынан жабысып,
Ерлік қалған жалау болған намысқа.
Қапа болған сатқындардың ісіне,
Күңіренген дауыс жетіп алысқа!
Қашанда ел қадірлеген сүйгенін,
Зұлымдардан ұрлап батыр сүйегін.
Қойған екена Ақ төбенің басына,
Шырақ болып жанатындай сөнген күн.
Көз жасымен ақ бор езіп сылапты,
Бой көтерген кесененің өрнегін,
Не жетеді құрметіне халықтың,
Мұндай сыйды көз жұмғанда көрген кім?
Ескі қорым мұнан кейін көбейген,
Бауырында осы биік төбенің!
Бастан тайып бірлік атты ұлы күш,
Ел басынан өткен талай өкініш.
Осы жерге басқыншылар қаптаған,
Бәрін бұзып салған екен бекініс.
Әруақтар сарнаған соң күндіз түн,
Шошқа сойып айла тапқан Ібіліс!
Шарап сыйлап шоқынған жас қазаққа,
Жан түршіктірер болған ғажап құбылыс.
Жарық төгіп от шашқандай жартастан,
Жап –жарық осы маңда жарты аспан.
Сол қорымнан сансыз аққу ұшыпты,
Сыңсуменен жаңбыр құйып көз жастан.
Қарғыс атып итке айналып ұлыпты,
Қорым бұзған шошқа тектес көп дұшпан!
Әлгі қазақ айналыпты доңызға,
Иманынан кәпірге еріп адасқан!
Көз алартқан көп болған ғой далаңа,
Байқайсыңба мынау теле-мұнара.
Батыр бабаң жатқан жерден бой созып,
Жұмбақ сырды ақтарардай саған да.
Кел құлыным тізеңді бүк иіліп,
Мен дұғамды бағыштайын бабаңа.
Бір белгі тас қоймаса да төрелер,
Киелі жер түсінгенге осы ара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ төбе мен Қарасай батыр өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ төбе мен Қарасай батыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ төбе мен Қарасай батыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақ төбе мен Қарасай батыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері