Барымның өзін бұлдауға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Барымның өзін бұлдауға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 535
Барымның өзін бұлдауға
базарын қимай барлық түн,
айналып көмей құрғауға,
қалайы татып, қарлықты үн.
Таңдатпай даңғыл жолды да,
құр кеткен күндер құн даулап,
көл-көсір көңіл орнына
құралай ішпес тұрды-ау қақ.
Желігім отқа семірмей,
желпінуге де жетпей дем,
Бедері кеткен өңірдей,
безере түсті бет-бейнем.
Керегім болмай тұр елге,
қай жаққа барып оңалам?
"Қой, енді, — деймін, күлем де? —
тып-тыныш жатып... демалам!"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барымның өзін бұлдауға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Барымның өзін бұлдауға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барымның өзін бұлдауға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барымның өзін бұлдауға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері