Мен – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Мен» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1237
Кең Жылыойдай тұғырым – бағым барда,
Жүрек отым – ана тіл,үнім барда,
Бабалардың киелі өсиетін,
Жеткізбеуге ұрпаққа қақым бар ма?
Ескірместен туған жер ой,қырында,
Жатқанменен қара жер қойынында,
Күнде бізге төгеді даналық ой,
Бағыт сілтеп өмір жол айдынында.
Әлдилеген бесігің – елдің ортақ,
Тыңда,тыңда дауысын,келер ұрпақ,
Ақ жолыңа нұр болып құйылсын деп,
Сыйға тарттым өзіңе жырмен құнттап!
Сенен керем толқыным,тірегімді,
Қабыл алшы ақ ниет тілегімді.
Бабаларын қастерлеп,ту қылсын деп,
Алаулаттым, шырақ қып жүрегімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері