Ахмет Байтұрсынов – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ахмет Байтұрсынов» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3987
Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.
Шырылдатып бозтарғайдай зар жақты,
Қызыл жылан арбағанда ұрпақты.
Қасіретке тас лақтырдың тістеніп
Қыл бұраумен сүйретсе де абақты!
Қанат беріп сан мертіккен арманға,
Құтқардың сен әл таусылып қалғанда.
Қарамастан әр ізіңді күзеткен,
Жандарымдар, темір қақпас торларға.
Жоғалтпауға ұлттық ыстық қанымды,
Құрбандыққа қиып шыбын жаныңды.
Қанат қылып елдің үнін ашынған,
Сен іздедің алда туар таңымды!
Жаныштауға өткір жүзін алмастың,
Сібір айдап қорласа да албастың.
Өшпесін –деп, ана тілім өр үнді,
Ең соңғы дем біткенінше айқастың.
Күл шашса да азғындықпен қас жауың,
Өзің аршып көзін мөлдір бастаудың.
Тілмен,дінім әдеп толы ғылым- деп,
Қамал болдың Алатаудай асқағым!
Мұра қылып ұрпағыңа, кейінге,
Даналықтың дәнін сеуіп зейінге.
Ұлттық намыс құдіретін ұқтырдың,
Онсыз болмас сүйген Отан, үйім де.
Қайран данам! Сусындайтын бұлағым.
Шырағысың өзі берген Алланың,.
Асыл халқым жүрегіне сақтаған,
Сенің үнің – менің жалын ұраным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ахмет Байтұрсынов өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ахмет Байтұрсынов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ахмет Байтұрсынов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ахмет Байтұрсынов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері