Сұлтан Ғалиев – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Сұлтан Ғалиев» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1485
Жолдарында Гулаг, Карлаг із қалған,
Қуғын сүргін заманыңда зобалаң.
Келешекке алдын-ала ой салып,
Жетпіс жылда не боларын болжаған.
Таңданасың ойшыл дана шешенге,
Тайсалмастан қанды балақ көсемге.
Россия диктатура көзі-деп,
Кесіп айтқан ем іздеуге кеселге.
Зорлықпенен қаланған соң іргесі,
Ол өтпелі күнін кешер өлмеші.
Шығыс қалар солған сорлы күйінде,
Жем қылған соң қызыл иттің бүргесі.
Жасқанбастан жалтақтамай ешкімге,
Ол сәулесін төкті түнек тас күнде.
Адамзатты ізгілікке шақырып,
Орнау үшін Теңдік жердің үстінде.
Құрсаудағы мұзды жарған кемедей,
Оны үні ұмтылғанда күнге өрлей.
Қасіреттің қайғы бұлты түнеріп,
Алдын кешті әділдікке жол бермей.
Сарқылмасқа еркіндіктің қайнары,
Жету үшін ұрпағыңа ойлары.
Қайран сабаз көріпкелді данышпан
Ел есінде мәңгі алауға айналды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлтан Ғалиев өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұлтан Ғалиев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлтан Ғалиев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлтан Ғалиев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері