Политрук Клочков – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Политрук Клочков» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1267
Дубосеково разъезі,қырғын соғыс алаңы,
Тарих өзі ұрпаққа естіртеді бұл лаңды,
Маңдай терін қинала,құйыттай село төгіп тұр,
Қорғау үшін киелі,Мосвкадай қаламды.
Әрбір тасқа сүйеніп,әрбір дөңге жабысып,
Тапжылмастан рота жаумен жатыр алысып.
Гуілдейді суық жел,бір сұмдықты айтардай,
Қиян-кескі ұрыста оқпен бірге жарысып.
Мінекей жау ұмтылды,алға қарай желігіп,
Ішке тартып тынысын,дала жатыр телміріп.
Бидай өскен алқабын,қарақшылар таптауда,
Баса алмастан өксігін,жылағаны – ай егіліп.
Политрук Клочков,сол бір сәтте сен тұрдың,
Қалам ұстар қолыңа,граната толтырдың.
Жарып шыққан кеудеңнен,ұлы сөзбен жалынды.
Білесің бе? Сен өзің,қанша жауды өлтірдің?!
Россия!Байтақ – ау,шегінер жер жоқ,бірақ – та,
Артымыза Москва!Тұрмыз түсіп сынаққа!
Отан үшін жан пида! Алға! Алға, Ерлерім
Деген сөзді,кең әлем,құйып жатты құлаққа.
Әрбір кеуде шымырлап,от намыстан тебініп,
Тек жеңіске жетелеп,сыр шертеді нұр үміт.
Әділдіктен күш алған, Ұлы Достық қашанда
Көрген емес бауырым,өз жауынан жеңіліп,
Ұлы рухын көтерген қасиетті Отанның,
Қаныменен бірге жүр майдандағы от әнің,
Айналайын атыңнан,Политрук Клочков,
Ерлігіңді ешқашан,ұмытпайды ұрпағың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Политрук Клочков өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Политрук Клочков өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Политрук Клочков өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Политрук Клочков өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері