Туған жер жас жанымда жалындап ой – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Туған жер жас жанымда жалындап ой» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3889
Туған жер жас жанымда жалындап ой,
Мен сені аңсап келдім сағындым ғой.
Өзіңде тәй-тәй бастым сенде ағайын,
Атыңнан Кең Жылойым айналайын.
Бәйгеге өзің қосқан арғымақпын,
Мөлдірін сенен іштім жыр бұлақтың.
Ақ сүтті анам сенде бата берген,
Мен саған қарыздармын ата-мекен.
Асқақтап Алатаудай бақ талабым,
Өзіңде туғаныма шаттанамын.
Мәңгілік жырға қосар ардағымсың.
Кең Жылой, ана -тілім ар намысым.
Төсіңнен мәңгі өшпейтін жарық көрем,
Киелі аңыз толы тарих- кемем.
Ерлігін кең пейілді ұлдарыңның,
Ұрпаққа ту болсын деп, жазып келем!
Бәріне алқа тағып жырларымнан,
Мәңгілік ескерткіш қып жолдадым ән.
Бұзылмас оның көркем мұнарасы,
Сыр шертер ғасырлардың қойнауынан!
Кең Жылойым- әулиелер мекені
Пір Бекеттей,Байбақтыдай ер туған,
Осы өлкеде қаз бастырған бар тумам.
Бабам өскен әкем өскен мекен бұл,
Айнымаған гәкку сазды аққудан.
Әрбір қырын әулиелер қоныстап,
Ұрпағына сыйлай білген ырыс бақ.
Бұл өлкенің шаңы алтын бауырым,
Дем жұта біл Рухтармен тыныстап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер жас жанымда жалындап ой өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған жер жас жанымда жалындап ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер жас жанымда жалындап ой өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер жас жанымда жалындап ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері